Әлем елдерінде денге дерті өршіді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны жаһандық жылынумен байланыстырады.
Індет әсіресе Еуропа, Африка және Оңтүстік Азия елдерінде дендеп тұр. Маса арқылы таралатын аурудан Бангладеште жыл басынан бері мыңнан астам адам қайтыс болды. Қауіпті індеттің қоздырғышы тағы 200 мыңдай тұрғыннан анықталды. Қазір ел астанасы Мугдада ауруханалар науқастарға лық толған. Денге безгегінің таралуы жаңбыр маусымында өрши түседі.