Шри-Ланка 5 елге визасыз режим енгізуге ниетті
Бұл туралы елдің туризм және жер министрі мәлімдеді.
Құжат қазір Үкіметтің қарауында. Мақұлданса, Қытай, Ресей, Таиланд, Үндістан және Индонезия тұрғындары Шри-Ланкаға визасыз кіріп-шыға алады. Себебі дәл осы аймақтың азаматтары тропикалық аралға жиі келеді екен. Сондықтан ел үкіметі осындай жеңілдік жасауға ниет білдіріп отыр. Цейлон аралы жылына 5 миллионға жуық турист тартуды жоспарға енгізді. Әсіресе қытайлық саяхатшыларға көп үміт артып отыр.