Египетте көне мумия зираты табылды

Мысыр археологтары Эль-Минья төңірегінен бұрын соңды зерттелмеген көне мумия зиратын тапты.

Бұл туралы Туризм және көне заттар министрлігі мәлімдеді. Археологтар үшін бұл – құнды жәдігер. Себебі қабірде Египет тарихындағы «Жаңа патшалық» дәуірінің лауазымды тұлғалары жерленген. Археологтардың мәліметінше, зират біздің дәуірімізге дейінгі 1550-1570 жылдарды қамтиды. Шенеуніктер бұл Египет тарихынан сыр шертетін жаңа дүние болды дейді.