Әлем халқының тең жартысында смартфон жоқ
Әлем халқының жартысында әлі күнге дейін смартфон жоқ.
Ұялы байланыс операторлары қауымдастығының мәліметі бойынша қазір әлемнің 55 пайызы ғана смартфон ұстайды. Бұл 4,3 миллиард адам. Сосын жер бетінде 4,6 миллиард адам интернет пайдаланады. Ал, 3,4 миллиарды әлі күнге дейін қол жеткізе алмай отыр. Бұл есепте Африка мен Оңтүстік Азия елдері деңгейі ең төмен аймақтар. Тағы бір дерек, халықтың 33 пайызы әлі де 3G желілерін пайдаланумен шектеледі. Желі жетіспеушілігі климаттың қолайсыздығы мен төтенше жағдайлардың әсерінен туындап отыр, дейді мамандар.