Еуропа халқының 98% лас ауамен тыныстайды

Ауаның ластануынан болатын дерттерден жылына әлемде 7 миллион адам көз жұмады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, бұл көрсеткіш артып келеді.

Ауа сапасы нашар елдер  

Әлемде ауа сапасы нашар елдер көшін Бангладеш астанасы Дакка бастап тұр. Қаладағы түтін көз аштырмайды. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөліктер ерте өлім қаупін арттыратын қара түтін мен жасыл-сары диоксид бөліп шығарады. Көмір жағатын кәсіпорындардың шығарындыларымен ауаға ұсақ лас бөлшектер таралады.

Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, ауаның ластануынан жыл сайын 88 мың адам қайтыс болады.

 

Күллі Еуропа лас ауамен тыныс алады

Еуропа халқының 98% лас ауамен тыныстайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіші бойынша, ауадағы майда бөлшектер мен шаңның орташа концентрациясы 5 микрограммнан аспауы керек. Алайда Еуропада бұл норма қалыпты емес. 25 микрограммға жетеді. Яғни, 5 есе жоғары деген сөз. Әсіресе Афины, Барселона, Париж қалалары ауа сапасы бойынша кәрі құрлықтағы өмір сүруге қауіпті аймақтар саналады.

 

Ал Бангкок ауа сапасы бойынша 11-ші орында. Ауаға тараған зиянды бөлшектердің деңгейі 54 микрограммға жетеді. Бұл белгіленген нормадан 10 есе көп. Қаланы тұман басқан. Жай тұман емес.Түтін мен улы газ қалдықтары араласқан қалың тұман. Бұл адам денсаулығына, әсіресе демікпесі бар адамдарға аса қауіпті. Шырышты қабықтың қабынуы да осы лас ауаның кесірінен болады.

Авторы: Фариза Жанғанаева.