Шетелдік сарапшы Республика күнімен құттықтады
Әділетті Қазақстан орнату үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік тармақтары арасында тепе-теңдікті сақтайтын бағытты таңдады.
Бұдан бөлек, азаматтық қоғам мен экономиканы дамытуға және қоғамда жауапкершілікті арттыруға күш салатынын жариялады. Бұл – аймақ пен әлем елдері үшін үлгі боларлық шешімдер. Швейцариядағы Женева геостратегиялық обсерватория бас хатшысының орынбасары Венцеслав Сабев осындай пікір білдіріп, елімізді Республика күнімен құттықтады.
Венцеслав Сабев, Женева геостратегиялық обсерваториясы бас хатшысының орынбасары:
- Мен Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтаймын. Қазір Батыс Еуропа мен Женевада ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де азамттық қоғамның саяси шешімдер қабылдауға белсенді атсалысуына көп назар бөлініп жатыр. Менің ойымша, сіздерде «Адал азамат» атты қызықты азаматтық тұжырымдама бар. Ол диалог, жауапкершілік, білім, патриоттықты дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі Республика күнінде халқыңызға мол табыс пен гүлдену тілеймін.