Халықаралық ұйым өкілдері Республика күніне орай ізгі тілектерін білдірді
Женевадағы бірқатар халықаралық ұйым өкілдері Қазақстанды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елімізде жасалып жатқан саяси және экономикалық реформаларға оң бағасын беріп, болашақта Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты дамытуға бейіл екендерін жеткізді. Елімізге табыс пен бейбітшілік, амандық тіледі.
Деян Кесерович, Халықаралық көші-қон бөлімінің басшысы:
- Қазақстан халқын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мен Астанада 7 жыл тұрдым. Қызым өз елінің әнұранын жатқа білмесе де, Қазақстанның әнұранын жақсы айтады. Мен үшін Қазақстан қайтып оралғым келетін екінші үйім секілді. Мереке құтты болсын!
Беат Андрес, Халықаралық еңбек ұйымының өңірлік директоры:
- Алдымен Қазақстанды айтулы мерекемен құттықтаймын! Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл бастамаларын қолдаймыз. Бұл – Халықаралық еңбек ұйымының жүйесінде бар нәрсе. Болашақта Қазақстанмен ынтымақтастығымыз одан әрі дамиды деп сенеміз.
Октавиан Бивол, «ЮНИСЕФ» өңірлік директоры:
- Бүкіл ЮНИСЕФ-тің атынан Қазақстанды Республика күнімен құттықтаймын! Балалардың жарқын болашағы үшін, қауіпсіздіктерін қамамасыз ету үшін Қазақстанмен бірге игі істер атқарғанымызға қуанамыз. Қазақстан 1994 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бала құқықтары туралы» конвенциясына қосылғаннан бері 30 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Сіздерге тек жақсылық тілеймін.