Америка аумағын заңсыз кесіп өткен мигранттар абақтыға қамалды
Америка аумағын заңсыз кесіп өткен мигранттар абақтыға қамалып жатыр.
Шекара қызметі Мексикадан заңсыз кірген 55 мыңға жуық венесуэлалықты ұстады. Бұл туралы АҚШ кеден және шекара қызметі мәлімдеді. Қамауға алынғандардың саны бойынша Венесуэла тұрғындары тарихта алғаш рет басқа ұлт өкілдерінен асып түсті. Соңғы онжылдықта 7 миллионнан астам венесуэлалық экономикалық, саяси және гуманитарлық ахуалға байланысты елден кетуге мәжбүр болған.