Италияда климат өзгерісіне қарсы шеру өтті
Италияда климаттың өзгеруіне қарсы жүзге жуық шеруші көлік және инфрақұрылым министрлігінің алдын бөгеді.
Осылайша олар Үкіметтің әрекетсіздігіне наразылық білдіріп жатыр. Белсенділер биліктің Сицилияны материкпен жалғайтын ауқымды көпір құрылысын жүргізуіне қарсы. Бұған дейін үкімет құрылыс жұмыстары үшін 12 миллиард еуро бөлгенін айтқан еді.
Ал шерушілер айтуынша, көпір жер сілкінісінің орасан қаупі бар аймақта ораналасады. Сондықтан бұл бастама ақшаны құр далаға шашумен тең екен.