Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруіне келісім берді
Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттамаға қол қойып, парламенттің қарауына жіберді.
Сөйтіп, ресми Анкара 1 жылдан астам уақыттан кейін скандинавиялық елдің солтүстік альянсқа қосылуына жол ашты. Швеция мен Финляндия НАТО-ға мүше болу үшін өтінішті былтыр мамыр айында жөнелткен. Бірақ Түркия қос мемлекетке бірқатар талап қойған еді. Финляндия біраз уақытқа созылған келіссөзден кейін Одаққа тек биыл сәуір айында мүше болып кірді. Ал Швеция Түркиямен лаңкестікпен күрес бойынша көпке шейін келісімге келе алмады. Енді Швецияның НАТО-ға мүше болуы үшін Венгрияның қолдауы қажет.