Бангладеште пойыз соқтығысып, 17 адам қаза тапты

Бангладеште екі поезд соқтығысып, 17 адам қаза тапты.

Тағы 100-ден аса жолаушы жарақат алды. Оқиға осы елдің шығысындағы Бхайраб қаласының маңында болды. Жүк пойызы Дакка қаласына бет алып бара жатқан жолаушылар пойызын соғып, бірнеше вагон жолдан шығып кеткен. Ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен деген болжам бар. Тергеу жүріп жатыр. Жергілкті билік жапа шеккендердің саны артуы мүмкін деп отыр.

Сондай-ақ...