Республика күні мұхиттың арғы жағында тойланды
Қазақ елінің республика күнін алыс-жақын шет мемлекеттерде атап өту басталып кетті.
АҚШ астанасы Вашингтонда айтулы мерекеге орай салтанатты қабылдау шарасы өтті. Оған екі елдің байланысын арттыруға үлес қосқан қайраткерлер мен лауазымды тұлғалар, сарапшылар қатысты.
«Ақ үйдің іргесінде тұрған әйгілі Смитсон өнер мұражайы мен Ренвик галереясында осымен екінші жыл қатарынан Қазақстанның Республика күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мәртебелі меймандардың арасында мемлекеттік депаратмент өкілдері, дипломаттар, сарапшылар, екі елдің арасындағы байланысты арттырып жүрген белсенді азаматтар қатысты.
Жиынды ашқан Елші Ержан Ашықбаев мұнда келген әрбір адам Қазақстанның досы деп сөзін бастап, екі елдің түрлі саладағы жан-жақты ынтымақтастығына тоқталды».
Ержан Ашықбаев, Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Елуге жуық түрлі шикізат белгіленді. Литий, алюминий, мыс сияқты пайдалы қазбаларымызға қызығушылық өте үлкен. Мына іс-шараның өзіне келген бизнес өкілдерінде қызығушылық бар. Қздеріңізге мәлім біз Қазгеология АҚШ-тың геологиялық қызметі арасында тиісті меморандумға қол қойлған. Президент жолдауында тапсырылған мақсаттардың бірі геолгиялық зерттеулердің көлемін ұлғайту. Осы жұмысқа біз америкалық әріптестерімізді қосайық деп отырмыз.
Қазақтанда АҚШ-тың бірінші елшісі болған Уильям Кортней де елімізді республика күнімен арнайы құттықтады.
Уильям Кортней, АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі (1992-1994 Ж. Ж.):
- Мен Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін елші болып бардым. Содан бері ел көптеген қиыншылықтарды еңсерді. Шетелдік инвесторолар үшін тартымды елге айналды. Этникааралық және ұлтаралық татулық пен бірлікті көрсете білді. Ядролық қарудың қауіпін сейілтті. Мен Қазақстанға келмей тұрып, көптеген сарапшылар орта азия елдері дербестігін сақтай алмайды, бір Түркістан мемлекетіне айналады деп ойлады. Бірақ, Қазақстан көшпелі салт дәстүрге сай бірлік танытып, батысты таң қалдыратын жетістіктерге жетті.
Мәртебелі меймандар Қазақстаннан арнайы келген форто трио ансамблінің өнерін тамашалады. Ертең олар Вашингтонда мерекеге орай арнайы концерт береді.