Үнді мұхитында маржан рифтері жойылып кетуі мүмкін
Бұл туралы британиялық Плимут университетінің ғалымдары жариялады.
Жаһандық жылыну салдарынан теңіздегі тепе-теңдік бұзылып, бағалы рифтер түсін өзгертіп жатыр. Себебі мұхиттағы температура жоғарылап барады. Экожүйедегі өзгерістер, әсіресе, 90 метр тереңдікте анық байқалады. Айта кетерлігі, университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы 10 жылдан астам уақытқа созылды. Маржанның зақымдануы алғаш 2019 жылы байқалған.