Мысырда көлік апатынан 32 адам опат болды
60-қа жуық жан әр түрлі дәрежеде жарақат алды.
Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды. Ел астанасы Каир мен Александрияны байланыстыратын тас жолда бірнеше жеңіл автомобиль мен жолаушылар автобусы соғысқан. Қалың тұманда автобус алдымен жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысып, содан кейін жеңіл автокөліктердің жолына тосқауыл болған. Салдарынан, өрт шығып, жеті көлік толығымен өртеніп кетті. Әзірге апаттың нақты не себепті шыққаны белгісіз.