Таяу Шығыста ахуал оңалмай тұр

Израиль мен Хамас қозғалысы арасында, қақтығыс тоқтар емес.

Өткен күні Израиль күштері Газа секторында құрлықтық операциясын бастады. Бірақ ресми Тель-Авив, қозғалыспен тұтқынға алынған азаматтарды босату туралы келіссөзді жалғастыратынын айтып отыр. Хамас болса оларды еркіндікке жіберу үшін, Израиль түрмелеріндегі өз мүшелерін босатуды талап етеді. Ал соңғы мәліметке қарағанда Таяу шығыста қарулы қақтығыс басталғалы Газа секторында 8 мыңнан аса адам қаза болып, тағы 19 мыңнан аса тұрғын жараланған. Израильде 1,400 адам қаза болып, 8 мыңдай тұрғын жарақат алды. Тағы 229 адам тұтқында. БҰҰ Газа секторында гуманитарлық ахуалдың қатты ушыққанын айтып, тараптарды әскери қимылдарды тоқтатуға шақырып жатыр.