АҚШ-та Хэллоуин мерекесі кісі өлімімен аяқталды
АҚШ-тағы Хэллоуин кешінде үй ішінде оқ атылып, 1 адам өз жұмды.
Тағы 9 кісі жарақат алған. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады. Зардап шеккендердің барлығы – 16 мен 22 жас аралығындағы жеткіншектер. Қазір олар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Полицияның айтуынша, оқиға орнынан бірнеше автоматты қару табылған. Қазір қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдіктілер ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.