Ұлыбритания Газа секторында гуманитарлық үзіліс енгізуді талап етті

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі Газа секторында «гуманитарлық үзіліс» енгізуді талап етті.

Министрлік бірнеше елмен, соның ішінде Египет және Израильмен жұмыс жүргізіліп жатқанынын мәлімдеді. Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің сөзінше, уақытша үзіліс жасау арқылы қақтығыс аймағындағы адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Бұл туралы ол Абу-Дабиге жасаған сапарында айтты. Онда Министр Біріккен Араб Әмірліктерінің Сырқы істер министрлігің өкілдірімен кездесті.

Джеймс Клеверли, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі:

- Біз Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелтіп жатырмыз. Алайда жүк көліктер Египеттен өте алмай, кешігіп жатыр. Қазір бірнеше елмен келіссөздер жүріп жатыр. Зардап шеккендерге жәрдемдесу үшін гуманитарлық үзіліс енгізу жайы қызу талқыланып жатыр.