Кореяда әлеуметтік желілерді реттейтін заңнама қатайтылады
Оңтүстік Кореяда әлеуметтік желілер жұмысын реттейтін заңнама қатаңдатылады.
Елде кейінгі кездері жасөспірімдер арасында суицид көбейген. Жергілікті балалар уақытын ұялы телефон мен планшетке үңілумен өткізеді. Басым көпшілігінің көру қабілеті нашарлаған.
Оңтүстік Кореяда әлеуметтік желілерге бақылауды күшейту туралы әңгіменің шыққанына біраз болды. Бұған бір себеп жақында Сеулдің Каннам ауданында студент тура тікелей эфир кезінде көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен. Осы оқиғадан кейін тағы 3 жасөспірім биіктен құлап қайтыс болды. Психологтар бұл құбылысты "Вертер" эффектісі- дейді. Сонау 17 ғасырда Гюгоның Гетенің «Жас Вертердің қайғысы» романы Еуропада бірнеше суицидке себеп болған. Мәселе мынада, Оңтүстік Кореяда әлеуметтік желінің тікелей эфирі арқылы хабар тарату заңмен реттелмейді. Бірақ өлімге итермелейтін ақпарат таратқандар 2 жылға сотталуы немесе 15 мың доллар айыппұл төлеуі мүмкін. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының көру қабілеті нашар. Бұл дерт әсіресе онлайн оқытуға көшуге мәжбүр болған яғни пандемия кезінде күшейген.
Ким Чоль Ву, офтальмология ауруханасы директорының орынбасары:
- Балалардың компьютер, планшет-телефон ұстауына шектеу қою маңызды. Мысалы, 1 сағат онлайн сабақтан кейін 5-10 минут үзіліс жасау керек. Екіншіден, балалардың таза ауада демалу уақытын көбейтіп, күн астында көбірек серуендету қажет. Зиянды азайту үшін экранды балалардан алыс қою керек.
Дәрігерлер болса, ата-аналарға балаларына көбірек уақыт бөліп, олардың бос уақытын пайдалы өткізуге кеңес береді.
Ким Чоль Ву, офтальмология ауруханасы директорының орынбасары:
- Егер ата-ана баласы үшін алаңдаса, бірге көшеге шығып, серуендеп, таза ауада бір нәрсемен айналысуға кеңес беремін. Бұл бала үшін пайдалы және планшет, компьютер немесе әлеуметтік желілерде көп отырмайды. Балаларды үйірмелерге апарып немесе спорт үйірмесіне беріп немесе олармен сыртта көп ойнау керек.
КОРР: Оңтүстік Корея Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдер арасында суицид саны бойынша алдыңғы орында. Соңғы 20 жылда жасөспірімдер арасында өзіне қол САЛҒАНДАР қатары 5 есе өсті. Бұл көрсеткіш әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 5 адамға жеткен. Қазір Парламентте әлеуметтік желідегі тікелей эфирді қадағалау ережелерін әзірлеу қызу талқыланып жатыр. Онлайн-платформалардың операторлары әлеуметтік желілерде жарияланған қауіпті контентті дереу жоюға міндеттелуі мүмкін.
Владислав Цой, Ольга Лян