Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізілді

Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету үшін кезекте тұрған жүк көліктерін кіргізуге рұқсат етілді.

Египет Газа секторымен шекарада «Рафах» бақылау бекетін ашты. Қазір ауыр жарақат алған 90 палестиналық эвакуацияланып жатыр. Оларды Египет жағында жедел жәрдем көліктері күтіп тұр. Бекет арқылы шекарадан өткісі келетіндер көп. Алайда оның қанша уақытқа ашылғаны, қанша адамды өткізетіні белгісіз.