АҚШ жаңа зымыранды сынады

АҚШ "Минитмэн 3" деп аталатын құрлықаларлық баллистикалық зымыранын сынады.

Қару Калифорниядағы Ванденберг әскери базасынан Тынық мұхитына қарай ұшырылды. Пентагонның мәлімдеуінше, шара зымыранның қауіпсіздігі мен тиімділігін тексеру мақсатында жүзеге асырылған. Және Ресеймен келісілген. "Минитмэн 3" құрлықаралық баллистикалық зымыранын Боинг компаниясы жасап шығарған. Ол сағатына 24 мың шақырым жылдамдықпен ұшады.