Сарапшы: Венгрияда энергия тапшылығы өзекті
Қазақстан Венгрияның ТМД аймағындағы 4-ші ірі сауда серіктесі.
Мажарлар бізден пропан газын тасымалдайды. Бұдан бөлек, Еуропа қазіргі таңда энергия қауіпсіздігіне баса назар аударып отыр. Виктор Орбан жұмыс сапары кезінде осы салаларда екі жақты байланысты нығайтуды көздейді.
Жанерке Койчигит, сарапшы:
- Жалпы Еуропада энергия көздеріне байланысты біраз қиындықтар туындауда. Соның ішінде Солтүстік ағын газ құбыры жарылып, ол бойынша газ тасымалдау мүмкін емес болып қалды. Сонымен қатар Украина арқылы келетін газ келісімі болған. Ол келісімді Украина созбаймыз деп отыр. 2024 жылы. Жалпы алғанда Еуропа елдерінде энергия қауіпсіздігі күн тәртібінде тұрға басты мәселе. Сол себепті Қазақстанға деген қызығушылық, Қазақстанмен екеуара пайдалы қарым-қатынас құру басты күн тәртібінде тұрған мәселе деп айтуға болады.