«Фукусима-1» АЭС суын мұхитқа төгу жалғасады
Жапонияның «Фукусима-1» атом электр станциясындағы судың үшінші партиясы мұхитқа төгіледі.
Алдағы 17 күн ішінде 7 мың тонна радиациядан тазартылған суды ағызу жоспарланып отыр. Тепко атом электр станциясы оператор-компаниясының мамандары сұйықтық құрамындағы тритийдің концентрациясы өте төмен, Жапониядағы қауіпсіздік стандарттарына сай дейді. Бұл деректі МАГАТЭ де растады.
Еске салайық, су 2011 жылғы цунамиден кейін зақымданған реакторларды суыту үшін қолданылған. Алғашқы сатысында 8 мың тонна су мұхитқа төгілді.