Ғаламшардың 5 жаңа суреті түсірілді
Ғаламшардың 5 жаңа портреті.
Еуропалық ғарыш агенттігінің ғалымдары Евклид ғарыштық телескопымен түсірілген астрономиялық суреттерді ұсынады. Аталған шара тікелей эфирде өткізіледі.
Ғарыш обсерваториясы 2024 жылдан бастап тұрақты ғылыми бақылауларға кіріседі. Евклид миссиясы соңғы 6 жыл бойы ғарышты зерттеумен айналысқан. Телескоптың басты міндеті – қара материя мен энергияны іздеу, сондай-ақ, 2 миллиардқа жуық галактиканы қамтыған ғаламның ең үлкен картасын жасау.
Йоханнес Лаурейс, Еуропалық ғарыш агенттігінің ғылыми қызметкері
- Біз сапалы ғылыми бейнелерді жасау үшін көп жұмыс істедік. Евклид дәл біз күткендей керемет нәтиже көрсетті. Бұл суреттер бізге соңғы 10 миллиард жылдағы ғаламның толық құрылымын көрсетеді.