Непалда жер сілкінісінен кейін жағдай қалай?
Непал билігі жер сілкінісінен нұқсан келген аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.
Ең көп зардап шеккен елдің батысындағы Джарджаркот және Рукум елді мекендеріне азық-түлік пен гигиеналық заттар, уақытша шатырлар үлестірілді. Гуманитарлық көмекке еріктілер мен полиция және медицина қызметкерлері тартылған.
Еске салайық, өткен сенбіде 6,4 балдық жер сілкінісі тіркеліп, 150-ден астам адам қаза болды. Тағы 200-ге жуық кісі жараланды. Зілзала ошағы ел астанасы Катмандудан 500 шақырым қашықтықта тіркелген.