Таяу Шығыстағы ахуал: БҰҰ-ның 79 қызметкері опат болды
Таяу Шығыста қақтығыс басталғаннан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының 79 қызметкері опат болды.
Тағы 24 мүшесі әртүрлі дәрежеде жарақат алып, зардап шекті. Ұйымның 50-ге жуық нысаны қирады. Сонымен қатар мәжбүрлі түрде қоныс аударған Газаның 1,5 миллион тұрғынының жартысы Біріккен Ұлттар Ұйымы нысандарына орналастырылған. Ұйым қызметкерлері шығынға ұшырап, отбасыларымен бірге «босқын» жағдайына тап болды. Қазір жергілікті тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету жалғасып жатыр.