Непалда жер сілкінісінен кейін іздестіру жұмысы аяқталды
Непалдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.
Қазір аман қалғандарға медициналық және гуманитарлық көмек көрсетілуде.
Непал үкіметі жер сілкінісен кейін зардап шеккен әр отбасыға мың жарым доллар қаржылай көмек үлестірді. Ал ауруханалар жарақат алғандар азаматтарға қажетті медициналық көмекті тегін көрсетеді.
Шраван Кумар, Банке ауданының басшысы:
“Зардап шеккендерге барынша жағдай жасаймыз. Олардың жылы, жайлы жерде тынығуын қамтамасыз етеміз. Қызыл Ай ұйымы бізге шатыр құруға көмектесетін болды.”
Зілзала ошағы ел астанасы Катмандудан 500 шақырымдай жерде 18 шақырымдай тереңдікте тіркелді. Қуаты 6,4 балл. Соның салдарынан 157 адам опат болып, тағы 200-ден астам тұрғын ауыр жарақат алды.
БЛИЦ (зардап шеккендер):
1) Бағыма орай, қызым аман-есен, жанымда. Өкініштісі әпкем қыздарынан айырылып қалды. Үйі қирап, дымы қалмады.
2) Қорыққаным соншалық, есімнен танып құлап қалдым. Тек ауруханаға келген сәтім есімде.
Жер сілкінісінен кейін Непалға қазір көршілес Үндістан, Қытай және өзге де елдер гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр. Жалпы, Непал әлем бойынша жер сілкінісі жиі болатын мемлекеттің бірі саналады. 2015 жылы елде алапат зілзала тіркеліп, 9 мың адам көз жұмды. Қалалар қирап, миллиондаған үй жермен жексен болды. Сол жылы ел экономикасына 6 миллиард доллар шығын келді.
Фариза Жанғанаева