Ла-Манш бұғазына таяу жерде қауіптің ең жоғары деңгейі енгізілді

Францияның солтүстік-батысында толассыз жауған жаңбырдан тасқын басталып, елді мекендерді су басып жатыр.

Табиғат апатына байланысты Па-де-Кале аймағында қауіптің ең жоғары деңгейі енгізіліп, 200-ден аса мектеп жабылды. Синоптиктер де алдағы күндері тағы жаңбыр жауып, су тасқыны қайталануы мүмкін деп ескертіп отыр. Осы себепті Төтенше жағдай жөніндегі қызмет бөлімдері аймақтағы өзендердің тасуын болдырмау үшн олардың жағасын бекітуге кіріскен. Бірер апта бұрын Францияда "Киаран" дауылы соғып, Нормандия аймағындағы көп қаланы су басқан.