Италия жағалауында 118 мигрант құтқарылды
Италия жағалауына жақын жерде тағы 118 мигрант құтқарылды.
Бірнеше қайыққа лық толған босқындарды теңізде үкіметтік емес ұйым кемесі кездестірген. Мигранттардың көбі Эфиопия, Бангладеш және Сирия азаматтары. Босқындар қазір Бриндзи аралына жеткізіліп, арнайы орындарға орналастырыла бастаған. Биыл Жерорта теңізі арқылы Италияға бет алған мигранттар саны қайта ұлғайған. Ресми дерекке жүгінсек жыл басынан Аппенин түбегіне 145 мыңнан астам босқын келген.