Мадридте оппозиция шеруге шықты
Испания астанасы Мадридте оппозиция өкілдері шеруге шықты.
Олар билік басындағы Социалистік партияның штаб-пәтерінің жанына жиналды. Бұған Каталонияның тәуелсіздігін талап еткені үшін сотталған белсенділерге рақымшылық жасау туралы шешім түрткі болған. Мұндай мәміле үкімет басшысының міндетін атқарушы Педро Санчес пен каталониялық партия өкілінің арасында жасалды. Енді оппозиция Санчесті "заңсыз әрекетке барды және сепаратистерге қолдау көрсету арқылы билікте ұзақ қалғысы келеді" деп айыптап отыр. Премьер-министр 27 қарашаға дейін коалиция жасақтауға тиіс. Бұлай болмаған жағдайда қаңтарда жаңа парламенттік сайлау өтуі керек.