Макрон қатысқан форум Газа секторына бір миллиард доллардан астам көмек жинап берді

Парижде алтыншы рет Бейбітшілік форумы өтті.

Форумға 25 елдің көшбасысы келген. Жиын Газа секторындағы бейбіт халыққа 1 миллиардтан астам доллар жинап берген гуманитарлық конференциядан басталды. Сондай-ақ 2 күндік басқосуда климатты қорғау және көмірқышқыл газын азайту шараларына қаржы бөлу де талқыланған. Қазір 8 миллиард тұрғынның 5 миллиардты интернет пайдаланады, сондықтан цифрлық қауіпсіздікке де көп көңіл бөлінді. Жылдам дамып келе жатқан жасанды интеллектіні реттеу қажет.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

"Біз әлемнің жік-жікке бөлінгенін көріп отырмыз. Көптеген қақтығыстарға шешім табу шынымен қиындап кетті. Жер шарының оңтүстік бөлігіндегі көптеген елдер бізден климат мәселесін шешуді талап етуді әдетке айналдырып алған. Бірақ қоршаған ортаға бізге қарағанда олардың кесірі көбірек тиіп жатқаны жасырын емес". 

Маки Салл, Сенегал президенті:

"Климат мәселесі - әділет мәселесі. Халқының жартысында электр энергиясы жоқ елдерден қазба байлығынан бас тартуды талап ету дұрыс емес. Солтүстік аймақтағы елдер де көмірді әлі тұтынып отыр. Сондықтан бізге ондай талап қою еш қисынға келмейді".