Мұздықтар еруінен мұхит деңгейі көтеріледі

Антарктикадағы мұздықтардың еруі мұхит деңгейін көтереді.

Осы мәселені зерттеген ғалымдар дабыл қағып жатыр. Халықаралық океанография институтының зерттеуі бойынша бұлай жалғаса берсе, 2300 жылға қарай су деңгейі 15 пайызға көтерілуі мүмкін. Бұл өз кезегінде жер бетінде алапат су тасқынына әкеледі деп қауіптенеді мамандар.