Франция билігі мектептегі буллингпен күресті күшейтуге кірісті
Бұл қазір елдегі ішкі саясаттың басым бағытына айналған.
Осыған орай үкімет оқу орындарында кем-сітіп қорлық көрсетумен күрес бойынша жаңа бағдарлама ұсынды. Премьер-министр Элизабет Борн президент Эмманюэль Макронның әйелі Брижитпен бірге мектепке барып, арнайы жиналыс өткізген. Олар ата-аналарға дәріс оқыды. Француз саясаткерлерінің пікірінше буллингке қарсы тұрудың ең тиімді жолы, алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізу.