Израиль әуе күштері Газадағы Хан-Юнис шаһарына 2-ші рет шабуыл жасады

Қаза тапқандар саны артты, алайда Палестина Денсаулық сақтау қызметі әлі ресми деректерді жариялаған жоқ.

Кеше аталмыш қалаға алғашқы жасалған әуе соққысынан 13 адам опат болғанын еске саламыз. Жаралылар үшін жергілікті ауруханада орын жетпей жатыр. Жалпы, қақтығыс басталғалы бері Газаның 11 мыңнан аса тұрғыны авиациялық және артиллериялық соққылардан опат болды. Олардың шамамен 40 пайызы - балалар.