Исландияда жанартау оянды
Исландияда төтенше жағдай жарияланды.
Оған Фаградальсфьядль жанартауының оянуы себеп. Оның атқылауынан қорыққан билік ел астанасынан 40 шақырым жердегі Гриндавик қаласының бүкіл тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. Айта кеткен жөн, Исландия сейсмикалық қаупі жоғары аймақта орналасқан. Мұнда 30-дан аса белсенді жанартау бар. Бір ай ішінде елде 20 мыңнан аса жерасты дүмпуі тіркелген.