Женевада қазақ авторының кітабы таныстырылды
Женевада қазақстандық автордың кітабы таныстырылды.
Бұл - Қазақстандағы стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы, халықаралық қатынастар мен саяси-экономика жөніндегі маман Мирас Жиенбаевтың ғылыми еңбегі. Кітап Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының мұрағаты мен кітапханасының жаңа тізіліміне енді. Мұнда халықаралық қатынастар теориясы туралы 11 мың бірегей туынды бар. Тұсаукесерге Женеваның дипломатиялық, ғылыми-зерттеу және аналитикалық топтарының өкілдері қатысты. Олар отандасымыздың ғылыми еңбегіне оң бағасын беріп, халықаралық деңгейдегі ауқымды зерттеу жұмысына қосқан үлесін ерекше атап өтті.