Зимбабве астанасында тырысқақ дерті өршіп барады
Зимбабве астанасы Харареде тырысқақ ауруы өршіп, 50 адам көз жұмған.
Осыған орай елде төтенше жағдай жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жұқпалы ауру бойынша 7 мыңнан астам жағдай тіркелген. Қазір 109 науқас ауруханада жатыр. Аурудың таралауына елдегі ауызсу тапшылығы түрткі болған. Халық ішуге жарамсыз суды пайдалануға мәжбүр. Қызыл крест ұйымы дерт дендесе, елдің бүкіл аймағына, тіпті өзге елдерге таралуы мүмкін деп ескертті.