5 мемлекет Гаага сотына шағымданды

5 мемлекет Палестинадағы қазіргі жағдайды тергеуді сұрап отыр.

Оңтүстік Африка Республикасы, Бангладеш, Боливия, Комор аралдары және Джибути  Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа сауал жолдады. Олар халықаралық соттың назарын Газа секторындағы жағдайға шұғыл түрде аудару керек дейді. Бұл мемлекеттер аймақта бейбіт халыққа қарсы әскери қылмыстар жасалып жатыр деп санайды.