Канада мен Еуроодақ жаңа келісімге қол қойды
Канада мен Еуропалық Одақ басшылары Сент-Джонс саммитінде маңызды келісімге қол қойды.
Бұл келісім арқылы қоршаған орта мен мұхиттарды қорғау, сондай-ақ Жердің биоалуантүрлілігін сақтау жөнінде екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен бұл шешім Еуропалық Одақ пен Канада арасындағы қарым-қатынасты одан ары нығайтып, жасыл энергияға көшуге мүмкіндік беретінін айтты.