Америкалықтар «Жомарт жұма» акциясында жаңа рекорд орнатты
Олар сауда-саттыққа шамамен 10 млн АҚШ долларын жұмсаған.
Өткен жылмен салыстырғанда шығын көлемі 7,5% көп. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Онлайн дүкендерде тұтынушылар тарапынан, әсіресе теледидар, ақылды сағат, робот-шаңсорғыш пен кофемашина секілді тауарларға сұраныс көп болған.
Енді жақында америкалықтардың «Кибер дүйсенбідегі» сауда нәтижесі белгілі болады. Бұл жолғы жеңілдіктер акциясында онлайн сатылым шығыны өткен жылға қарағанда 6%-ке артады деп күтілуде. Яғни, 12 млрд долларды құрамақ.