Кенияда тасқын су 76 адамның өмірін қиды
Кенияда толассыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, 76 адам қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғи апаттан 38 елді мекен зардап шеккен. Тұрғын үйлер мен ғимараттар қирап, электр желілері үзіліп, халық бірнеше күннен бері жарықсыз отыр. Азық-түлік пен ауызсу тапшы. Бұл аздай, елде инфекция тарала бастаған. Билік төтенше жағдай жариялады. Осы сәтке дейін 40 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Үкімет жедел көмек көрсету үшін бюджеттен 15 млн АҚШ долларын бөлді. Бірақ сарапшылар бұл қаражат жеткіліксіз дейді. Өйткені синоптиктердің айтуынша, жауын-шашын әлі 1 айға созылуы мүмкін.