Палестиналықтарға оқ атқан күдікті қолға түсті

АҚШ-тың Вермонт штатында 3 палестиналыққа оқ жаудырып, жаралаған күдікті қамауға алынды.

Ол 48 жастағы Джейсон Итон деген жергілікті азамат болып шыққан. Полиция «қаскөй кінәсін мойындамай отыр» дейді. Бірақ соған қарамастан сот оны кепілсіз ұстауға шешім қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қарашада күдікті Вермонт университеті жанында 3 жігітке оқ атып, табанын жалтыратып үлгерген. Жергілікті билік күдікті палестиналықтарды жек көріп, қасақана шабуыл жасауы мүмкін деп болжайды. Нақты себеп анықталып жатыр.