Германияда қалың қардан жол апаты жиіледі

Германияда қалың қар жауып, жол апаты жиіледі.

Елдің батысындағы Рейнгау Таунус аймағында кептелісте қалған 100 адам эвакуацияланды. Көлік жүргізушілері 15 минуттық жерге 3 сағатта жеттік, деп шағымданған. Метеорологтар алдағы бірнеше тәулікте тағы қар жауатынын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.   

Катрин Шиффер, өрт сөндіру бригадасының өкілі:

- Негізгі жолдарды құлаған бұталардан әлі тазалап үлгермедік. Себебі, қар тоқтамай жауып жатыр. Бұл шаруаны орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірге атқарамыз.