Аргентинада жылқыдан жұқпалы вирус анықталды
Аргентинада жылқы энцефаломиелиті тіркелді.
Жұқпалы ауру әсіресе Корриентес және Санта-Фе аймақтарында таралып жатыр. Бұл туралы ұлттық денсаулық сақтау қызметі мәлімдеді. Олардың сөзінше, аталған дерт өте қауіпті, малдан малға тез жұғады. Ол жануардың жүйкесін зақымдап, ми қабынуын туғызады. Кейін өлімге әкеп соғады. Қазір мамандар аурудың өршу себебін анықтап жатыр.