Әлемде заңсыз хостелдер қызметін алаңсыз атқарып жатыр

Әлемде заңсыз хостелдер қызметін алаңсыз атқарып жатыр

Жалпы әлемде заңсыз хостел қызметі қызып тұр.

Мәселен, үндістанның Ранчи қаласында мұндай нысандардың 92 пайызында лицензия жоқ. Құқық қорғау органдары оларға айыппұл салғанымен, мәселе түзелер емес. 

Үндістанның Ранчи қаласында 1469 хостелдің дені заңсыз жұмыс істейді. Көлеңкелі бизнес иелері осылайша ай сайынғы салықтан да жалтарады екен. Таймс оф Индия (timesofindia) таратқан ақпарға сәйкес, 113-і, яғни тек 8 пайызында ғана лицензия бар. Жергілікті заң бойынша, хостелді заңдастыру үшін  әр бөлме үшін жыл сайын 4 мыңнан 11 мыңға теңгеге дейін мемлекетке төлем жасау қажет. Алайда, бизнес иелері бұған бас қатырмайды. Арзан жатын-орынның қауіпсіздігіне де мән бермейді. Бір айта кетерлігі, заңды бұзғаны үшін хостел иелері шамамен 140 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. 

Ал Қытайда хостел қызметіне қатысты заң әлдеқайда қатаң. Лицензиясы жоқ екені анықталған азаматтар 15 мың. 

АҚШ долларына дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі. Сома қомақты болғанымен, ережені бұзатындар жоқ емес. Мәселен, биыл жыл басынан бері Тайваньда 989 заңсыз хостел анықталған.

Еуропа елдерінде хостелдерге талап қатаң

Сарапшылардың зерттеуінше, Азия елдерімен салыстырғанда, Еуропа мемлекеттерінде хостелдер қызметіне қойылатын талап қатаңырақ. Мәселен, Францияда хостел иесі бизнесін тіркемей тұрып, мекемесін жарнамалауға құқығы жоқ. Ал жеке үйін немесе пәтерді хостелге айналдыру жағы да қиын. Өйткені шектеу бар. Мәселен Парижде үй иесі пәтерін жылына тек 90 тәулікке ғана хостел ретінде ұсына алады. Ал әйгілі Барселонада 2021 жылдан бері пәтерді 31 тәулікке ғана хостелге айналдыруға беруге рұқсат етілген. 

АҚШ

Америка Құрама штаттарында да хостелдер өз қызметін туристерге ұсынуы  және танымал қосымшаларда жарнама жасауы үшін (Airbnb) алдымен лицензияны алу керек.

Мұндай шара заңмен бекітілген. Егер де кім де кім оны бұзса қомақты айыппұл арқалайды.