БҰҰ бас хатшысы: Газадағы 2 млн халық әлі де көмекке мұқтаж
Мысыр Газа секторындағы қақтығыстан зардап шеккен 600 палестиналықты медициналық көмек көрсетуге қабылдады.
Бұл туралы Мысыр мемлекеттік ақпараттық қызметі хабарлады.
Олардың сөзінше, Рафах қаласының бақылау-өткізу пункті арқылы Мысыр мен анклав шекарасын қос азаматтығы бар, 8 мың 500-ге жуық шетелдік, Газадағы 1200 мысырлық кесіп өткен.
Ал олардың жағдайы ауыр. Емдеуге дәрі-дәрмек жетіспей жатыр.
Айта кетейік, Анклавқа гуманитарлық көмек жеткізу процесі басталғалы 3 мың тоннаға жуық медициналық препарат пен дәрі-дәрмек жеткізілген.
Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы (АҚШ):
- Газа халқы бүкіл әлем алдында гуманитарлық апаттың ортасында тұр. Біз бұл мәселеге бей-жай қарамауымыз керек. Бітімді ұзарту туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр, қалай болғанда да біз бұл бастаманы қолдаймыз. Бірақ алдымен, гуманитарлық апатты тоқтауымыз керек. Өйткені Газадағы 2 млн халық әлі де көмекке мұқтаж.