Бразилия қуаңшылық қыспағында қалды

Бразилияда қуаңшылық мәселесі ушығып барады.

Мұндағы Амазон өзеніндегі су деңгейі кейінгі жарты ғасырда ең төменгі межеге жеткен. Салдарынан жергілікті фермерлер шаш етектен шығынға батты. Кезінде шалғайдағы өңірлерге қажеттінің бәрі негізінен өзен арқылы жеткізілетін. Қазір бұл елдімекендерге тікұшақпен ғана қатынайды. Ал кейбір аудандағы оқушылар қашықтан оқуға көшкен. Әсіресе АмазонАс штатындағы ахуал күрделі. Мұнда қыркүйекте төтенше жағдай жарияланды. Бразилиядан бөлек құрғақшылық Венесуэла мен Колумбия тұрғындарын да қыспаққа алды.