Германияда мыңдаған үй жарықсыз қалды
Бұған кешелі бері жауған қалың қар кінәлі.
Бавариядағы қысқы курорттары жұмысын тоқтатты. Барлық бағыт бойынша темір жол қатынасына уақытша тыйым салынған. Әуе рейстері де шектеліп, 2 мыңнан астам адам жолынан қалды. Синоптиктер елдің оңтүстігінде қолайсыз ауа райы бірнеше күн сақталады дейді. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарды жоғла шықпауға шақырып отыр.
Фредерик, жолаушы:
"Лиссабонға ұшуым керек еді. Бірақ әуе рейстері тоқтатылғандықтан сапарым кейінге шегерілді. Уақытша қонақ үй берілді. Жағдайдың қашан қалыпқа келері белгісіз".
Бригитте, жолаушы:
"Біздің рейсіміз түскі уақытқа жоспарланған болатын. Бірақ автотұрақ қар құрсауында қалған соң көлігімізбен өте алмадық. Ингольштаттан Мюнхенге дейін таксимен жеттім. Асығып келгенімді қайтейін, ұшақ рейстері де тоқтатылыпты".