Лас-Вегаста шабуылдан үш адам көз жұмды
Лас-Вегаста белгісіз біреу тұрғындарға шабуыл жасап, 3 адам көз жұмды.
Тағы 1 кісі жараланған. Құрбандар саны әлі де артуы мүмкін. Бұл туралы жергілікті полиция қызметі хабарлады. Олардың сөзінше, оқиға Невада университеті бас кампусының маңында болған. Артынша күдіктінің мерт болғаны анықталды. Әзірге шабуыл не себепті ұйымдастырылғаны белгісіз. Құзырлы орган студенттерді ғимараттан эвакуациялап, қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Тергеп тексеру амалдары басталып кетті.