Перуде сиам егіздерін ажырату операциясы жасалды
Перуде дәрігерлер сиам егіздеріне операция жасап, екі бүлдіршінді сәтті ажыратып алды.
Кішкентайлардың бауыры бітіп туған екен. 4 сағатқа созылған операция Сан-Бартоломе қаласының ауруханасында жасалды. Дәрігерлер бүлдіршіндер өзін жақсы сезінетінін айтып отыр. Қазір олар интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жуық арада үйлеріне жіберіледі.