Елімізде қызылша дендеп барады
Шығыс Қазақстан облысында қайғылы оқиға болды.
Өскемен қаласында қызылшадан 6 айлық сәби көз жұмды. Вирустың салдарынан баланың өкпесі қабынып, ауруы асқына түскен. Сәбидің өмірі үшін дәрігерлер 3 күн бойы күресті. Бірақ араша түсе алмады. Ақ халаттылардың сөзінше, бүлдіршін қызылшаға қарсы екпе алмаған. Сәбидің өліміне себеп болған осы салғырттық болуы мүмкін, дейді дәрігерлер. Ата-аналар балаларына неге екпе салдыруға асықпайды?
Қызылша инфекциясы дендеп барады. Қазақстан вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орында. Алдымызда халық саны 1,5 млрд-қа жуық Үндістан мен 30 млн тұрғыны бар Йемен тұр. Ал желтоқсанның 3-і күні еліміздің шығысында 6 айлық баланың көз жұмғандығы жайлы суыт хабар тарады.
Әсем Қайратбек, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Ата-анасы 1 айға жуық баламен Шымкент қаласында болған қонақта. Шымкент қаласынан Өскеменге қарашаның 28-і күні келген. Келе сала баланың денсаулығы нашарлап тұрған соң жеке клиникаға жүгініп, ем-дом алған. Оны үйде жасаған. Бірақ жағдайы күрт нашарлаған соң әке-шешесі өздері «Ана мен бала» орталығына жүгінген екен.
Реанимация бөлімшесіне түсті. 3 күн біздің дәрігерлер баланы аман қалып алу үшін күресті. Желтоқсанның 3 күні бала шетінеп кетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір қызылша жұқтырғандардың қатары 21 мыңнан асты. Бұл сан сағат сайын өзгеріп отыр. Ағзасынан вирус табылғандардың дені балалар.
Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
- Бұның 81%-ы 14 жасқа дейінгі балалар болып жатыр. Енді оның ішінде қалған пайыздары ересектер және жасөспірім балалар. Жасөспірімдер 700-дің төңірегінде. Ал енді ересек адамдар, 3 мыңнан асып жығылып отыр.
Жағдай шыныменде ушығып бара ма? Дәрігерлер неге дабыл қағып отыр? Мән-жайдың анық-қанығына жету үшін біз елордадағы балалар ауруханасына арнайы бардық. Ондағы картина мынадай.
Риат Шони, тілші:
- Дәл қазір біз елордадағы №3 көпбейінді балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіндеміз. Бұнда өздеріңіз көргендей қызылша жұқтырған 5 бірдей бала жатыр. Барлығыда түрлі аппаратқа қосылған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары өте ауыр. Балалардың жастарына келетін болсақ, 2021, 2016 жылы туылғандар. Дәрігерлердің сөзінше, бұл бөлімшеде жұмыс өте қауырт жүріп жатыр.
Айта кету керек, өткен аптада жан сақтау бөлімшесінде 15 балаға дейін болған.
Роза Өтегенова, №3 көп бейінді қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары:
- Мына балақайда қызылшаның асқынуы өкпеде ғана емес, нерв жүйесінде ғана емес, бүйрегіне де асқыну беріп, кіші дәреті жүрмей қалып, аппаратқа қосылып, тек қана мынау вентиляция емес, кіші дәрет жүргізетін, токсикация белгілерін азайтатын ГДФ аппаратына қосып, сол кішкене кіші дәреті шығып, жағдайы оңтайланғасын ол аппаратты өшіріп, қазір вентиляцияда ғана жатыр.
- Бұл баланың жасы 2 ғана. Қанша аппаратқа қосылған?
- Өкпені и бүйректі аппарат.
- 2 аппарат?
- Бұл ауыр жағдай?
- Бұл өте ауыр, ауыр емес, өте ауыр жағдай.
- 02-28 Ол ата-аналарды қорқытқан емес. Нағыз жағдай осылай болып тұр.
Қызылша жұқтырып келген балалардың көбі вакцина алмаған. Содан инфекция асқынып, өзге ағзалардың жұмысына зардабын тигізеді, дейді мамандар.
Роза Өтегенова, №3 көп бейінді қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары:
- Бүгінгі күні ауруханада 200-ден астам қызылшамен ауырған балалар жатыр. Күніне 70-80 бала келіп қаралады қызылшамен. Соның 35-40 шамасы жатқызылады, ауырғанына байланысты.
Қызылшаны емдеудің нақты тәсілі жоқ. Дәрігерлер тек симптоматикалық тұрғыдан күрес жүргізеді. Яғни дене қызуы көтерілсе, температураны түсіреді, жөтел болса, өкпені емдейді. Инфекцияның таралу деңгейі жоғары. Вирусты 1 адам 17 адамға дейін жұқтыра алады.
Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
- Үлкен асқынуларға алып келеді. Оның ішінде мысалы мидың қабынуы, энцефалит дейміз, өкпенің қабынуы. Кейбір жағдайларда тіпті, мынау өкпенің қабынуы өлімге алып келеді. Одан басқа соқырлыққа алып келеді.
Дәрігер айтып тұрған бұл дерттің салдары. Ауыр екені айтпаса да түсінікті. Сақтанудың жалғыз жолы екпе алу. Бірақ, иммундау шарасын қолдайтындарға қарағанда ғылымға шүбә келтіргендер үлесі көп болып тұр бүгінде.
Роза Өтегенова, №3 көп бейінді қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары:
- Кейбіреуі балам кішкене өссін дейді, балақайын аяйды. Біреу ауырдық дейді, сосын аламыз деп жүрдік дейді. Кейбірі біреулердің айтқан сөзіне ереді, асқынулар болған деп. Дегенмен, осы екпелердің арқасында талай инфекциялар жойылды ғой.
Дендеп кеткен індетті ауыздықтау үшін құзырлы министрлік насихаттың түр-түрін жүргізіп әлек. Тпті министрідің өзі өзгелерге үлгі болмақ ниетте емханға немересін ертіп келді. Қызылшаға қарсы екпе салдыртты. Осылайша, халықты вируспен бірге күресуге шақырды.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Мен бүгін немереммен бірге емханаға келіп, қызылшаға қарсы екпе алдық.
Барлық ата-аналарды, егер балаларыңыз қызылшаға қарсы иммунитеті жоқ, яғни екпе алмаған болса, үлкен ересек адамдардың ішінде де екпе алмағандар болса, қазіргі таңда барлық емханаларда осы ауруға қарсы екпе алу жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Және барлығын шақырамын.
Қызылшаға қарсы қосымша иммундау шарасы қарашаның басында басталды. Негізі бұл вирусқа төтеп беретін вакцинаның бірінші дозасы бала 1 жасқа толғанда салынатын. Бірақ эпидахуалдың ушығуына байланысты қазір дәрігерлер 6 айында еге бастады.
Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
- Бұл жерде айтып кететініміз егілген балалардың саны мына 1 жасқа дейінгі мысалы 73 мың болатын болса, 2 мен 4 жасар арасындағы балалар мысалы 140 мыңнан астам балалар егіліп отыр.
Қазақстанда қызылшаға қарсы жалғыз вакцина бар. Екпе Үндістанда өндіріледі. Иммундау шарасына арнайы 1,5 млн дозасы алынды. Көбін алаңдататын бір сұрақ – неге тек бір вакцина, таңдау мүмкіндігі неге берілмейді?
Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
- Бізде қызылшаға қарсы егілетін вакцина бұл serum institut India- Үндістаннан шығарылатын вакцина. Біз енді Қазақстанда осы 10 жылдың ішінде қызылшаға қарсы егіліп келе жатқан сенімді вакцина деп айтуға болады.
3 ауруға қарсы төтеп бере алатын күші бар вакцина. Бұл қызылша, одан кейін қызамыққа, паратитті инфекцияларына қарсы қолданылатын вакцина. Бұл вакцина біздің дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификациясынан өткен. Әлемнің 170 елінде қазір қолданылады.
Риат Шони, тілші:
- Вакцина егудің қажеттілігі мен қажетсіздігі төңірегенде дау-дамай бүгінде көп. Дені жаппай екпе салдыру – бұл алпауыт фармацевтикалық компаниялардың ақша табу тәсілі. Вакцина иммунитетті көтеріп, вирустарға қарсы тұра алмайды деп санайды. «Антиваксерлер» осындай жансақ пікірде. Әрине таңдау әркімнің өз еркінде. Әйгілі «Доктор Хаус» сериалы есіңізде ме? Мына бір үзіндіні көріп, ойланып көрейікші.
Риат Шони, Серік Қоңырбаев, Арман Ақшабаев, Жансәуле Абдулла және Эльмира Ахметова